Талдықорғандық «Жетісу» 26 жасар беларуссиялық Константин Кучинскиймен келісім-шартқа отырғанын жариялады,
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Беларуссиялық қорғаушы кәсіби футболдағы алғашқы қадамын «Энергетик-БГУ» командасында бастады. Бұған дейін Константин «Ислочь» командасында ойнаған.
«Ислочь» сапында 16 кездесу өткізіп, бір гол және екі нәтижелі паспен ерекшеленді.