2024 жылғы 6-10 маусым аралығында Талдықорған қаласында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен ҚР Жамбы ату федерациясының ұйымдастыруымен жамбы атудан 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында еліміздің IX чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа еліміздің 15 аймағынан 60-қа жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Әр аймақтан 4 спортшы ғана қатысуға құқылы.
Спортшылар мажар, азия, түркі және жамбы ату стилдері бойынша сынға түседі.
Чемпионаттың ашылу салтанаты 6 маусымда сағат 12:00-де болады.
Жамбы атудан ҚР чемпионаты жарысының бағдарламасы:
6 маусым сағат 10:30 – 18:00 «Азия стилі»,
7 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Түркі стилі»,
8 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Жамбы стилі»,
9 маусым сағат 10:00 – 18:00 «Мажар стилі»,
10 маусым – марапаттау рәсімі.
Өтетін орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, қалалық ипподром.
Уақыты: 6-10 маусым.