Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АРНАЙЫ ЖОБА

Бейбіт Исабаев ардагерлермен кездесті

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстық ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жиналған көпшілікті Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

05.05.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Бейбіт Исабаев ардагерлермен кездесті

Жеңіс Ысқабай

Жиында өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндап, облыстың дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең бастысы, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлеміз», – деген болатын. Соған сәйкес біз жыл сайын ардагерлерге қолдау шараларын тұрақты көрсетіп келеміз. Өңірдің қоғамдық өміріне үлес қоса отырып, сіздер өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қолдау көрсетіп келесіздер. Осы орайда облыста іске асырылып жатқан «Әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор» жобасына белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздер сияқты азаматтардың жүргізген дәрістеріне 6 мыңдай оқушы тартылды. Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараларда да белсенділік танытасыздар деп сенемін, – деген Б. Исабаев мұнан соң марапаттау рәсімін атқарды. Бұл ретте 13 ардагерге облыс әкімінің Алғыс хаты тапсырылды.

Атап өтсек, кездесуге өңірдегі бірқатар ардагерлер ұйымдарының мүшелері, соның ішінде Ауған соғысына қатысушылар, Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандар, Семей полигонынан зардап шеккендер, Желтоқсан оқиғасына, Тәжік-Ауған оқиғасына,  Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарға қатысушылар, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері келді.

Кездесуде «Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Барлыбаев пікірін білдіріп, ардагерлерге көрсетілген сый-құрмет үшін алғысын жеткізді, жастарға ақыл-кеңесін айтты:

–  Бірінші кезекте баршаңызды алда келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Жеңістің 80 жылдығымен құттықтаймын. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткіземіз. Жастарға айтарым, Армия қатарында қызмет етуден қашпау керек. Өйткені Отанды қорғау — әр азаматтың қастерлі парызы. Біз ардагер аға буын ретінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса береміз, – деді Б. Барлыбаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

Тіл – ұлттық болмыстың тұғыры

25.05.2025
ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

25.05.2025
Білімім – отаныма

Білімім – отаныма

25.05.2025
12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.