Талдықорған: +17°C
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АРНАЙЫ ЖОБА

Ел үшін етігімен су кешкен

10.04.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Ел үшін етігімен су кешкен

Бейбітшіліктің тәтті дәмін сол бейбіт заманда туғандар біле қоймас. Өйткені, қазақ «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» дегенді айтқан. 

Дейтұрғанмен, дәл мұндай тыныштық пен бейбітшілік тұғырланған заманда өмір сүруімізге бабалардың ақ білек пен ұрпақ үшін ұрандай жауға тап беруінің арқасы. Күллі адамзатты зар илетіп, батыр бабаларымыздың қан майданда «етігімен су кешуіне» себепкер болған Екінші дүниежүзілік соғысты ешкім ұмыта қоймасы белгілі. Сол зұлматты жылдарда әрбір ауыл, әрбір шаңырақ қара жамылды. Ер азаматын майданға аттандырып, оқ пен оттың ортасынан аман оралуын тіледі. 1945 жылы жеңіс туы желбірегенде қуанбаған адам жоқ шығар? Қанша боздақ майдан даласында қалды. Қанша азамат жарымжан оралды. Ел Ұлы жеңістің кермек дәмін татты.  Жеңісті жақындатқан батырлардың қатарында біздің де әкеміз болды.

Садықан Текетбаев 1923 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келіпті. Буын қатайып, бозбала шаққа жеткеннен ерте еңбекке араласты. 1939 жылдың қазан айынан 1942 жылдың мамыр айына дейін Обуховка сельпосында сатушы болды. Ел басына күн туып, 1942 жылы 28 мамыр айында майданға аттанады. 1942 жылы 21 қарашада, 1943 жылы 10 наурызда жау оғынан екі рет жараланған. Ерлігін ескерген 1106-атқыштар полкының командирі №036 бұйрығымен 1944 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапаттаған.

Батыр Бауыржанның «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген сөзі бар. Әкеміз де қастерлі һәм қасиетті Отанын жауға бермеу үшін қанша ерлік қылды. 1945 жылы 331-атқыштар дивизиясы сапында Шығыс Пруссиядағы Хайлигенбайль қаласын азат ету шайқасында 4 пулемет дзотының көзін жойды. Танкке қарсы оқ жаудыратын зеңбірек нүктесін басып алуға күш салады. Дойти Тирау елді мекенінде қарсыласқан жау қолына қарсы ұмтылып, 30 фашист әскерін жойып, 12-сін тұтқындайды. Мұндай көзсіз батырлыққа тәнті болған әскери құрылым басшылығы «ІІІ дәрежелі Даңқ» орденімен марапаттайды.

Әкеміздің алған марапаты мұнымен шектеліп қалмады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы Жарлығы бойынша, 331-атқыштар дивизиясының командирі атынан №033 бұйрығымен 1945 жылы «Қызыл Жұлдыз» орденімен, 1941-1945 жылдары. Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» медалімен, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Кенигсбергты басып алғаны үшін» медалімен марапатталды. КСРО-ның бас қолбасшысы И. Сталиннің  Алғыс грамотасын да иемденді. Соғыс аяқталып, бейбіт дәуірге қадам басқан Кеңес өкіметі зұлмат жылдарда ерлік еткен батырларын ұмыт қалдырмады. Әкемді 1985 жылы І дәрежелі Отан соғысы  орденімен, 1988 жылы «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл» медалімен марапаттады.

Соғыстан тұралаған елді қалыпқа келтіру, жұрттың еңсесін тіктеуде де Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларына жүктелді. Әкем де сол қатардан еді. 1947 жылы қарашада туған жерге оралды. Елге келісімен қарап жатпады. Сол жылдың желтоқсанынан бастап еңбекке араласты. Шарбақты, Ырғайты, Қамысқала ауылдық кеңестерінде хатшы болып қызмет атқарды. 1951 жылы Жағатал ауылында  селолық кеңестің төрағасы міндетіне кіріссе, 1952 жылы мамыр айынан бастап  Шарбақты, Рыбачинск ауылдық кеңесінде салық агенті, сол жылғы желтоқсан айынан бастап учаскелік салық инспекторы болып еңбек етті. 1956 жылдан бастап 1969 жылға дейін Алакөл аудандық қамсыздандыру бөлімінде аға инспекторы, Обуховка ауылдық кеңесі әскери есеп столында (ВУС) басшы, Алакөл аудандық кіріс бөлімінде инспектор, Алакөл мал бордақылау пунктінде қойма  меңгерушісі, Алакөл су шаруашылығында гидротехник инженер, байланыс саласында инженер-техник қызметтерін абыроймен атқарды. Әкеміздің еңбек жолына қарап, қай жұмысты да жатсынбай, ел үшін тер төккенін аңғару қиын емес. «Батырға оң мен солы бірдей» деген әңгіме де осыған саяды. 1969 жылы басшылыққа ұсыныс айта жүріп «Жағалтал байланыс бөлімін» аштырып, сонда басшылық қызметті тізгіндеді. Сол уақытта Сарықұм кеңшарын ашуға да атсалысты.

Әкеміз саналы ғұмырында «елдің баласы» атанған ұрпақ та тәрбиеледі. Анамыз Нұрбибі Сапыновамен 1947 жылы шаңырақ көтеріп 4 қыз, 5 ұл тәрбиеледі. Әкеміздің ұлағатты тәлімін бойымызға сіңіріп өстік. Екі тілді жетік меңгерген асқар тауымыз үнемі «Өтірік пен ұрлықтан аулақ болыңдар, біреудің ала жібін аттамаңдар» деп отыратын. Көпшілдігі сонша, үйімізден кісі арылмайтын. Сондай өнегелі ғұмыр сүрген асқар тауымыз 1990 жылы 67 жасқа қараған шағында, ал алтын құрсақты анамыз 1992 жылы 65 жасында дүние салды. Олардың тәлімді ғұмыры мен адами болмысы ұрпақ жадында жаңғыра бермек.

Роза ТЕКЕТБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

14.05.2025
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

14.05.2025
Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

14.05.2025
Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.