Талдықорған: +30°C
$ 519.26
€ 602.13
₽ 6.62
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет АРНАЙЫ ЖОБА

Сарыесіктің Стамшалы

Жыл сайын 9 мамыр жақындағанда майдан даласын көріп қайтқан аталарымыз есіме түсіп, омырауындағы орден-медальдарын сылдырлатып тірі жүргендей күй кешеміз. Біз соғыстан кейін тусақ та әкелеріміздің аузынан майдан жайлы көп әңгіме естідік. Ауыр күрсініп, жанын жараласа да әртүрлі кездесуде өзінің басынан өткендерін айтып, жанарлары жасаурап қалушы еді. Қайран әкелер-ай, тозақтың отынан аман қалып, елге оралдыңдар. Мағыналы ғұмыр кешіп, бізге өнеге көрсеттіңіздер. Біз де сіздермен ғұмыр бойы мақтанып өтеріміз анық.

10.05.2025
АРНАЙЫ ЖОБА
Сарыесіктің Стамшалы

Стамшал Көкебасов 1913 жылы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Сарыесік ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1928 жылы 15 жасынан ауылдың шаруашылық жұмыстарына араласып, еңбекке тартылған. 1932 жылы Көпбірлік 5 жылдық мектебін бітіріп, Отан қорғауға аттанғанша ұжымшарда балықшы, егінші, қойма меңгерушісі жұмыстарын атқарып, әр салада шаруашылықтың дамуына үлесін қосты. Бөрлітөбе әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 332-атқыштар полкіне курсант ретінде ант қабылдап, 1942 жылы Отан қорғауға аттанды. Майданда автоматшы және қол пулеметінің атқышы болыпты. Әскери шені гвардияның аға сержанты, 1942 жылдан КПСС мүшесі, одан кейін полктің бөлімше командирі, 1945 жылы 1115-ші атқыштар полкінде бөлімше командирі қызметін атқарады. Жапон соғысына да қатысып, 334-ші атқыштар полкінде қызмет етеді. Оқ пен оттың ортасында кеудесін оққа тосқан Стамшал Көкебасов 3 рет жараланады. Оң жамбасынан ауыр жараланған жауынгер №2978 госпитальда емделіп, қиындыққа қарсы тұрады. Соғыстың жарасы кімге жеңіл болды дейсіз. Майдан салған жарақаттар мәңгілік тыртық болып, өмірінің соңына дейін мазалап өтті.

Соғысқа қатысқан әрбір майдангерді батыр деп есептеймін. Олар көзсіз ерлік көрсетті. Сол батырлықтары кеуделеріне медаль болып қадалды. Стамшал Көкебасов «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен, Отан соғысы орденімен наградталды. Соғыстан жеңіспен оралған Стамшал Көкебасов еңбекке араласып, жұмыс істейді. Өмірден ерте кеткен әкесінің орнына отбасының асыраушысы болып бас көтереді. Соғысқа аттанғанда артында тілеуін тілеп анасы Зинаш, қарындасы Бәтима, зайыбы Гүлсім Сарекеқызы және 3 жасар қызы Катя қалған екен. Осылардың тілеуінің арқасы шығар атамыздың тірі қалғаны. Соғыстан кейін қызы Зекен мен ұлы Хамза және кіші қызы Пәни дүниеге келеді. Біз майдангердің ұрпағымыз. Стамшал ата қара күштің иесі еді. Өте еңбекқор, қандай ауыр жұмыс болса да қара нардай қайыспас жүк көтеріп, елдің еңсесін тіктеуге белсене араласады. Сол соғыстағы жарақатынан ақсап жүрсе де ұжымшардың жұмысын тоқтатқан емес. Майданнан оралған замандастары, інілері Стамшал атаны «Полковник», мергендігін көргендер «Снайпер» деп атайтын. Бұл теңеулер ол кісіге деген құрметтің белгісі шығар. Қалай болғанда да бар жағынан жарасым тауып жатады. Ортасында өте сыйлы болды. Амал қанша, майданнан аман оралып, 1967 жылы ақпанда небары 54 жасында өмірден озды. Ердің жасы елуден ғана асса да кейінгі ұрпаққа жүз жылға татитын ғибрат қалдырды. Жалғыз ұлы Хамзаның да өмірден ерте кеткені өкініш әкеледі. «Орнында бар оңалар» дейді. Майдангердің оты өшкен жоқ. Ұрпағы жалғасты, келіні Шәкен бүгінде ақсақалдың немерелері Әлім және екі қызды қанаттандырды. Ұрпақ барда олардың есімі мәңгі өшпейді.

Төлеген Болат

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жетісуда қаза тапқан полицейлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

24.06.2025
Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

Кәсіпкерлер өтініші ескерілді

24.06.2025
Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

Шекара қызметіндегі отбасы — тұрақтылықтың тірегі

24.06.2025
Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.