ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының жеке құрамы Ұлы Отан соғысының құрметіне арналған мемориал аумағында сенбілік өткізді.
Іс-шара барысында мемориал маңы абаттандырылып, аумақ толықтай тазартылды. Сонымен қатар, мемориал аумағында орналасқан шекара белгісі, Мемлекеттік Ту және Шекара Туының ұстама бөлшектеріне жеңілдетілген жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жарық шамдары да қайта қалпына келтіріліп, кешеннің көрінісі жаңартылды.
Бұл игі іс Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар аясында жүзеге асырылып, ардагерлерге деген терең құрмет пен алғыс сезімінің, сондай-ақ өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің айқын үлгісі болды.
Шекарашылар алдағы уақытта да осындай мәні зор бастамаларды жалғастыруға ниетті.
Бауыржан Қасымхан
ЖУ-дың 4-курс білімгері