Жетісу облысында соғыс батырлары мен қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ерлігін мәңгі есте сақтау мақсатында «Батырларға мәңгілік тағзым» патриоттық акциясы бастау алды.
Шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің бойында отансүйгіштік рухты тәрбиелеу, тарихи жадыны жаңғыртып, қызметтік борышқа деген құрметті арттыру.
Акция аясында «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ішкі істер және Ұлттық ұлан ардагерлері, сондай-ақ «Жас сақшы» қозғалысының кадеттері қатысты.
Қатысушылар ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына бір минут үнсіздік арнап, олардың жанқияр ерліктеріне тағзым етті.
Бұл акция – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, ел қорғаны болған ерлердің есімін ұлықтауға бағытталған маңызды қадам.
«Жетісу-Ақпарат»
Фото: polisia.kz