ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

7  210 көрілім

Жемқорлық мемлекет пен қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

Бұл дерттің жаппай жойылмау жолын халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек. Ендеше, халыққа жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірінен саналады. Атап айтқанда, ол үшін, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы үшін сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тануы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет әр адамда құқықтық сауаттылығына да байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Мемлекеттегі заңнамаларды жақсы білу әр адамның өз іс-әрекетіне деген сенімділігін күшейтеді.

Қазір сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлерін жою үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасын арттыру жүргізілуде. Өйткені олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімінің болмауына байланысты абайсызда сыбайлас жемқорлықтың қатысушылары болып қалады. Патриотизм, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп біліп, жемқорлыққа жол бермейік!

М.ИСМАИЛОВА,
Түркістан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы