Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бəйгесінің екінші кезеңі 11 мамыр күні аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңғы 7.00-де 17 команда Алматы облысының Балқаш ауданына қарасты Бақбақты ауылының маңынан жорықты жалғап, Балқаш ауданы Аралтөбе ауылының маңынан аяқтады.
Екінші кезең, яғни осы күннің қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мəре сызығына екінші болып жетсе, Алматы облысының командасы үштікті түйіндеді.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды жəне бағыт Алматы облысының аумағын қамтиды. Марафон 14 мамыр күні Қонаев қаласында аяқталады.
- Қолдау көрсетушілер: «AMANAT» партиясы жəне Алматы облысының əкімдігі;
- Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, «Alageum Electric» компаниясы;
- Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, əлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb – JORYQ, Instagram – joryqofficial, Tik-Tok – JORYQ, youtube – JORYQ.