ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЕАТРІШІЛІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТІП, ЖЕТІ ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНЫЛДЫ
РУХАНИЯТХалықаралық театр күніне орай Талдықорғанда бірінші театрішілік фестиваль өтті. Бикен Римованың құрметіне орай өткен шара аясында өнер ұжымы театр сыншыларына 7 қойылым ұсынды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.
- Көрермендерге театр өнерінің қасиетін ұғындырып, көрермен мен әртіс арасында алтын көпір орнату - мақсатымыз, - дейді Б.Римова атындағы драма театрының директоры Руслан Сеңкебаев.
Байқау аясында жеті жүлделі номинация тағайындалды. Жас әртістер «Үміт» номинациясына ілігу үшін бар өнерін ортаға салды.
Орта және аға буын «2-ші пландағы ер мен әйел бейнелері», «Үздік ер адам және әйел адам», «Сахна шебері» номинацияларына таласты. Ал Бас жүлде ретінде Бикен Римова атындағы сыйлық ұсынылды.
Бұл құрметті жүлдеге театр актері Базарбек Тоқымтаев ие болды. 45 жылдық тарихы бар өнер ордасының шығармашылық ұжымы Алматы облысы әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатталғандардың қатарында әріптесіміз, "Жетісу" газетінің тілшісі, театр тақырыбында қалам тербеп жүрген Асыл Сұлтанғазы да бар.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Тағы да оқыңыз:
-
29.03.2021БАЛАНЫҢ БОЛАШАҚТАҒЫ БЕТАЛЫСЫ БАСТАУЫШ БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
-
28.03.2021МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҰЛЫ ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛІП, ӘКЕСІ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР АЙТТЫ
-
27.03.2021БҮГІН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ БЕКЗАТ ӨНЕР БИІГІ
-
26.03.2021ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ЗАМАНАУИ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
-
26.03.2021"МАҚТАН ТҰТАМЫЗ": АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН БАЛАБАҚША
-
24.03.2021ОБЪЕКТИВТІҢ АР ЖАҒЫНДАҒЫ СҰЛУЛЫҚ: ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ФОТОКӨРМЕ
-
23.03.2021ҚАЗІР КӨПШІЛІК АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨЗІН БІЛСЕ ДЕ, СӨЗІН БІЛМЕЙДІ
-
22.03.2021НАУРЫЗ-ДУМАН: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАЛ ЕГІЛІП, АҒАШ ТҮПТЕРІНЕ АҚ ҚҰЙЫЛДЫ
-
22.03.2021"ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРДЫҚ": ЕУРОПАДАҒЫ ҚАЗАҚТАР НАУРЫЗДЫ ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ?
-
22.03.2021ШЕРТЕРДЕ ОЙНАЙТЫН ЖАСТАР КӨБЕЙДІ: БАҒЛАН БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕС