ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ 8 СӘУІРДЕ ҚАРАТАЛДЫҚ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСЕДІ

ӘЛЕУМЕТ
25.03.2022
1594

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

"Алматы облысының әкімі Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы 2022 жылдың 8 сәуірінде, сағат 15.00-де Қаратал аудандық Мәдениет үйінде (Бастөбе ауылы,  Комаров көшесі, 3 А) тұрғындармен кездесу өткізеді.

Тұрғындар тарапынан сұрақ, ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында (үстінен басыңыз) және Қаратал ауданы әкімдігінің ресми сайтында қабылданады.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі Алматы облысы әкімдігінің және Қаратал ауданы әкімдігінің Instagram парақшаларында жүргізіледі", - делінген облыс әкімдігінің ресми хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: