"БАҒА УДАЙ. МИНИСТРЛІКТЕР БІР-БІРІНЕ СІЛТЕЙДІ". ДЕПУТАТТЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ
ӘЛЕУМЕТПарламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек ӘШІМЖАН Елордадағы азық-түлік нүктелерін аралап, бағаның шарықтап кеткенін айтты.
"Кеше Елорда базарларын арнайы аралап, азық-түлік бағаларын көріп, саудагерлермен, тұрғындармен сөйлесіп қайттым. Баға - удай. Әсіресе, күнделікті тұтынатын ет-сүт, картоп, сәбіз, пияз, көкөніс, күнбағыс майы, макарон өнімдері секілді негізгі тұтынатын азықтардың бағасы еселеп өсіп барады.
Өткен наурыз айында баға 13 процентке өсіп, бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Баға дейтін пәле елдің еңсесін езіп, белін бүктіріп, етегіне сүріндіріп тұр.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруды тапсырған болатын. Ашығын айтқанда, Президент тапсырмасын орындауда Ауыл шаруашылығы министрлігі де, Сауда және интеграция министрлігі де, Монополияға қарсы күрес агенттігі де, аймақтық әкімдіктер де жағдайдың алдын ала алмай отыр. Министрліктер бір-біріне сілтейді. Жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отырған үкіметтік ведомстволардың арасында өзара үйлесім жоқ.
Өткен аптада осы салаға жауапты ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мәжіліске келіп депутаттардың нақты сұрақтарына жауап бере алмай, қызыл сөзден қырман сапырып, ақыры Ауылшаруашылық министріне сілтеді де кетті. Ал базардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасы инфляция өсімінен де асып кеткен. Мамандардың есебінше, күнбағыс майы 36,7 пайызға, қант – 34,8 пайызға, картоп – 21,8 пайызға, жеміс-жидек – 19,9 пайызға, макарон өнімдері – 22,7 пайызға, жұмыртқа 10 пайызға қымбаттаған.
Әрине, азық-түлік бағасы бізде ғана емес күллі әлемде құбылып тұр. Солай екен деп қарап отырмай Үкімет мемлекет басшысының тапсырмасына сай шаралар қабылдауы керек еді ғой.
Мәжілістегі "Үкімет сағатында" да, пленарлық жиында да баяндама жасаған Ауылшаруашылық министрі: «Мұның бәрі уақытша, жағдай реттеледі», - дейді. Баға реттеліп болғанша халықтың төзімі таусылып бітетін болды.
Енді бір мамандар: "Бәрі жанар-жағармай бағасына тіреліп тұр, жағармайды өсірмеу керек", - дейді. Екі ай бұрын елді аралағанда қырдағы шаруалар техниканың 20 пайызға, тыңайтқыштың 50 пайызға өскенін айтып, етектері жасқа толып отырды. Осындай бағаның жүгенсіздігінен тауардың өзіндік құны, әрине, қымбаттайды", - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.
"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Тағы да оқыңыз:
-
10.04.2022МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛАТЫН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ
-
09.04.2022КЕГЕН АУДАНЫНДА ҮШ БӨЛМЕЛІ ЖЕРҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ - ӘКІМДІК
-
08.04.2022АҚСУ АУДАНЫНДА ЕКІ МЕКТЕП ЖАҢАРТЫЛАДЫ - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ
-
05.04.2022БАЛА СҮЮ БАҚЫТЫ БІР-АҚ СӘТТЕ БОЛА ҚАЛМАЙДЫ. ОҒАН ТЕМІРДЕЙ ТӨЗІМ КЕРЕК
-
04.04.2022ШЕТЕЛДЕ ЖҮРГЕН ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ТӨЛҚҰЖАТЫН ҚАЛАЙ РӘСІМДЕЙДІ?
-
01.04.2022АЛМАТЫ ОБЛЫСЫН ЕКІГЕ БӨЛУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ - ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ
-
30.03.2022ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ КӨКСУ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ
-
29.03.2022КЕГЕН АУДАНЫНДА БЫЛТЫР 797 АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ
-
28.03.2022БАҚЫТ ДЕГЕНІМІЗ - БЕЙБІТШІЛІК. ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СҰХБАТ БЕРДІ
-
27.03.2022ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ? ОНЫҢ АҚШАСЫ КІМГЕ ТӨЛЕНЕДІ?