БІР ОЙЫННЫҢ ПАЙДАСЫ

Уақыты: 12.06.2021
Оқылды: 671
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бұрыннан келе жатқан дәстүрлі ойындардың бірі - асық. Бүгінде асық ойнап жүрген баланы сирек көретініміз жасырын емес. Өзім жас жеткіншектерді асық ойнауға шақырамын, үнемі дәріптеп жүремін.  


Асыққа  ұлтымыз  малдың, аңның жай ғана бір сүйегі ретінде қарамаған және оған байланысты ежелден айтылып келе жатқан ырымдар да бар. Ұлттық ойнымыздың мақсаты– көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді. Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек-кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп, асық ұтып алуға кіріседі.

Сонымен қатар асық ойыны баланың күн ұзақ қимылына тигізетін әсері мол. Ойын барысында ол: жүгіру, жүру, иілу, секіру, сақа иіру, көздеп тигізу, лақтыру, ату т.б қимыл-қозғалыстар арқылы физикалық куйін жақсарта түседі.  Бұл –біріншіден буын ауруларына қарсы жаттығудың түрі. Екіншіден, күллі жүйке, тамыр ауруларынан құтыласыз. Бір  ойынның қаншама пайдасы бар. Сондықтан да баланы дала ойындарына қызықтыру, ұлттық спорт ойындарына баулу заманның талабы болып отыр. Ұрпағымыздың саулығы, ұлтымыздың саламаты үшін денсаулыққа пайдалы, салиқалы, саналы ұлттық ойындарын жаңғырту бізге басты міндет. Ертеден келе жатқан мұрамызды ұмыттыруға жол бермейік.

 

Жасұлан ҚҰМАРОВ
Талдықорған қаласындағы №2 мектептің дене-шынықтыру пәнінің мұғалімі