БАС КОНСУЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 16.06.2021
Оқылды: 1174
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Кездесуде инвестиция тарту және экология мәселелері сөз болды. 

Амандық Баталов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, мұнда инвестиция тартуға жайлы жағдай жасалғанын, аймақтың туристік әлеуеті мол екенін айтты. Облыс әкімі Алматы облысында америкалық «Тайсон Фудс» компаниясы ірі қара етін терең өңдейтін жобаны іске асырып жатқанын да тілге тиек етті. 

Әңгімелесу барысында Эрик Майер жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, экология және инвестиция тарту мәселелерінде өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі ұсынысын жеткізді. 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі