Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫ

Уақыты: 28.06.2021
Оқылды: 702
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Қоғамның сұраныстары мен мемлекеттік талаптарға сай мамандарды даярлауда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы жылдан астам еңбек етуде. Мамандарды даярлаумен қоса кафедраның оқытушы-профессорлық ұжымының ғылыми зерттеулері де жетілдіріліп отырады.


Мемлекетіміздің діни ахуалын сараптауға, дәстүрлі діндер және жаңа діни ағымдардың қоғамдағы орнына баға беруге, заң жобаларын жетілдіруге қатысты кафедра ғалымдарының ғылыми ұсыныстары жоғары бағаланады. Мамандарды даярлауда оқытылатын пәндер еліміздің рухани құндылықтар жүйесін құрайтын әртүрлі діни сана мен дүниетанымы, ар-ождан еркіндігі мен оның қорғалуы, діннің мәні туралы білім беріп, әртүрлі діни, атеистік, тағы да басқа көзқарасты ұстанатындығы толерантты және сыйластықпен қарауға тәрбиелейді. 

Бұл Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларымен үйлесімділік табады және дінге қатысты халықаралық және мемлекеттік құжаттардың талаптарына сай келеді. Сонымен қатар пәнді оқыту барысында қазіргі мем­лекеттік-кон­фессиялық байланыстарды жетілдіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік органдар мен діни қауымдастықтың ортасындағы үнқатысуды жетілдіру, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру саясаты басты талап болып табылады.

Қазіргі уақытта дінтану мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінетін қажетті мамандықтардың біріне айналды. Қазақстан қоғамының түрлі этностық сипатын ескере келгенде, ұлттық діни мұраны сақтап қалу үшін қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқытатын дінтанушы мамандар үлкен сұраныста. Сол себептен дінтану мамандары – қоғам сұранысы.

Лицензия №KZ37LAA00019420
Берілген уақыты: 23.12.2020

А. БЕКБОЛАТ,
С. АБДУСАХАДОВА,
М. ЖОЛДЫҚАРА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері,

Ж. ҚАҢТАРБАЕВА,
аға оқытушы