ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Уақыты: 25.06.2021
Оқылды: 1499
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарай ілесіп, мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Сондықтан, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор. Жалпы «Функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап береді.

Ойын еркін айтатын, сын тұрғысынан ойлауға бейім,интеллект қабілеті дамыған, өмірде өз орнын таба алатын жеке тұлғаны қалыптастыру мектеп мұғалімдері үшін жауапты іс. Сондықтан болашақ ұрпаққа терең функционалдық білу беру мақсатында барымызды салып жұмыс істеп келеміз. Өйткені ел ертеңі өскелең ұрпақтың қолында.

Надира АБИКЕНОВА,

№2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Талдықорған қаласы