АҚ ТІЛЕКТЕРІН АРНАДЫ

Уақыты: 29.06.2021
Оқылды: 875
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев пен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады. Халық пен билік арасында алтын көпір орнатып жүрген жандарға жүрекжарды тілектерін арнап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы екенін айтқан Жанболат Әкебайұлы:

– Ақпарат саласының дамыған заманында журналистер халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етіп отыр. Сол сбепті сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін. Табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер, – деді.

Мерейлі мерекемен құттықтаған Гүлнар Қожағұлқызы «Nur Otan» партиясы арқылы әртүрлі туындаған мәселені дер кезінде көтеріп, жылдым шешілуі үшін күш салып жүрген журналистерге шығармашық табыс тіледі. Жылы лебіздерін арнаған «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Қаһарман Жақсылық пен облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев қиындығы мен қызығы қатар келетін жауапты қызметті аброймен атқарып жүрген жандарға алғыс айтты.

Салтанаттты жиында қаламын қару еткен бірқатар журналист Алғыс хат иеленді. Сонымен қатар облыстық «Jetіsy», «​Огни Алатау» газеті, «Жетісу» телеарнасы және «Өлке тынысы» ЖШС-нің ұжымына ноутбук табысталды. Қазақстанның Құрметті журналисі Жұмахмет Жайлаубаев «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Мерейлі мереке күні алғыс арқалаған журналистер қауымы да ыстық ықыласын арнай келген қадірлі қонақтарға рахмет айтып, бірлесе жұмыс істеп, жақсы жаңалықтардың жаршысы бола беретінін жеткізді.

Мәулен Әнербай