ЖАҢАШЫЛ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ

Уақыты: 14.07.2021
Оқылды: 795
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңіне қадам басты. Білім берудегі басты мақсат – жан-жақты дамыған, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана. Білімнің іргетасын қалайтын негіздері мен танымдық қызығушылығы, жеке, дара шығармашылық жұмысқа деген дағдылары қалыптасатын мектептің білім беру саласындағы рөлі зор. Соған байланысты оқу-тәрбие үрдісін жақсартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдана отырып білімді терең игерудің жолдарын, әр пәннің ғылыми негіздерін меңгерту мәселелерін, оқушының ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін дамыту сияқты ұтымды түрлеріне сүйенгеніміз жөн. 

Мұғалімнің басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Үйреніп жатқан белсенді әдіс-тәсілдерді дәстүрлі әдістемелік жүйемен салыстыруға болмайды. Біз жаңаша сабақ құрылымын жоспарлауды, оқып үйренген әдістер оқушылардың ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауына, ойын еркін жеткізуіне және шығармашылық қабілеттерін дамытуына септігін тигізетініне көзім жетеді. Әр мұғалімнің шеберлігін шыңдайтын, жас ұрпақтың білімі нәтижелі болуға жұмыс атқаруға көмектесетініне берері көп екенін байқадым. Жаңартылған оқу бағдарламасында алған теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру – менің міндетім. Жалпы алғанда, білім саласындағы бұл жаңашылдық – әлем дамуының бірден бір сатысы деп білемін. Осы тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Жаңартылған білім беру бағдарламасының нәтижесінде тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен тіл табыса алатын оқушылар болады деп ойлаймын.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімніңшығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Олай болса, білімді де білікті болашақ мамандарды оқыту, оларға түзу жол көрсету біздің басты мақсатымыз. 

 

Азиза ОМАРОВА,

«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ

«№2 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Талдықорған қаласы