ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ 16 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Уақыты: 10.06.2022
Оқылды: 926
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы, дзюдодан спорт шебері Найдангийн Тувшинбаяр ішіп алып досы Э. Энхбатты өлімше етіп сабаған. Оқиға 2021 жылдың сәуір айында болған.

8 ай есін жиған Энхбат 25 желтоқсанда қайтыс болған. Тувшинбаяр желтоқсан айынан бері үй қамақта болған. Кеше үкім шығып Тувшинбаяр бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ ол марқұмның уәкіліне 390 миллион теңгеден астам (2,78 миллиард моңғол тұғрығы) өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айта кетейік, Найдангийн Тувшинбаяр Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2008 жылғы Бейжің жазғы Олимпиадасында Моңғолия тарихында алғаш рет Олимпиада алтын иеленген спортшы. Дзюдошы финалда отандасымыз Асхат Жеткеевті жеңген болатын. Сонымен қатар Найдангийн Тувшинбаяр 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада күміс медаль алып, Олимпиаданың бірнеше жүлдесін иеленген алғашқы моңғолиялық спортшы атанды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"