ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНЕ ТЕЛЕФОН КІРГІЗБЕК БОЛҒАН

Уақыты: 10.06.2022
Оқылды: 1102
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Алматы облысында Өңірлік Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/8 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтыруға тырысқан ер адам ұсталды. 

«Аталған факті бойынша Қонаев қаласының жедел-тергеу тобы шақырылды. Ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылданады», – деп мәлімдеді облыстық ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов Polisia.kz порталына берген сұхбатында.

Түзеу мекемесінің сыртқы жағынан қоршау арқылы скотчпен оралған бес орамды лақтыруға әрекеттенген күдікті азамат анықталып, құрықталды.  Орам ішінде 9 ұялы телефон болды.

Айта кетейік, «Қылмыстық- атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"