ЖАҢА ҮРДІС ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Уақыты: 11.06.2022
Оқылды: 865
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қонаев қаласында барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары облыс әкімін сайлауға қатысып, екі үміткердің арасынан  таңдау жасады. 

ҚР Премьер-министр Әлихан Сымайлов арнайы келіп, қатысқан жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихат хатшысы Дәулет Жарасбаев Алматы облысы әкімі лауазымына кандидаттар Батыржан Байжұманов пен Марат Сұлтанғазиев ұсынылып отырғанын айтып, кандидаттарға дауыс беру ашық түрде өтетінін жеткізді.

Мәслихат депутаттарының дауыс беру нәтижесі бойынша ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған екі кандитаттың арасынан Марат Сұлтанғазиевтің кандидатурасын көпшілік дауысқа ие болды. Осылайша, Жаңа Қазақстанда облыс әкімін тағайындаудың жаңа үрдісі жүзеге асты.
Одан соң Қонаев қаласының активіне жаңа әкімді таныстырған Үкімет басшысы Президент Қасым-Жомарт Жарлығымен тағайындалған Марат Сұлтанғазиевке облыс орталығы мен өңірдің дамуына қатысты тапсырма жүктеді. Атап айтқанда ауылшаруашылық, құрылыс, инвестиция тарту сынды облыс экономикасын өсірудің тетіктерін  жүзеге асыруды жүктеді. 

Мәди Алжанбай
Алматы облысы
Қонаев қаласы