ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ

Уақыты: 22.06.2022
Оқылды: 1321
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталса түбіртектің көшірмесін, нарко және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз.

1. Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті  «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз;
2. Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз;
3. Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз;
4. Қан тобыңызды көрсетіңіз;
5. Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз;
6. Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз;
7. Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз;
8. 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз;
9. Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз. 

Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"