ЖЫРҒА АЙНАЛҒАН ЖОЛ ЖАСАЛА БАСТАЛДЫ

Уақыты: 23.06.2022
Оқылды: 1382
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Жол азабын жүрген білер». Кеңес одағы тұсында жасалған республикалық маңызы бар Алматы – Нарынқол күре жолы көпшілікті толғандырып-ақ келеді.

Аталған жол Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылдық округіне бұрылатын тұсқа дейін жақсы жасалды. Одан бергі жолдың азабы жырға айналды. Өткен жылдың қоңыр күзінде Кеген ауылынан шыға берістен бастап Қайқы асуындағы бірсыпыра жер күреліп тасталып, сол күйінде қалған болатын. Одан кейін қыс түсіп кетті. Аталған жол мәселесі облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаевтың Кеген, Райымбек аудандарына жасаған жұмыс сапары кезінде де орынды қозғалды. Ел-жұрт ауданға ат басын бұрған парламент депутаттарына да бұл мәселені айтқан. Ақыры, сең қозғалды. Жол жасау жұмысы қолға алынып, асфальт төсеу ретке келе бастады. 

Қанат БІРЖАНСАЛ,
Кеген ауданы
Алматы облысы