Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

Үздіктер марапатталды

Уақыты: 25.06.2022
Оқылды: 1886
Бөлім: БАСТЫ БЕТ

Еліміздің тыныштығын күзетіп, тұрғындардың бейбіт өмірін қадағалаған полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, өз жұмысын адал атқарған мамандар марапатталды.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларына арналған облыстық полиция департаменті ғимаратының алдындағы монументке гүл қойылды.
Ғимараттың мәжіліс залына Алматы облыстық  полиция департаментінің Жауынгерлік туы кіргізілген соң көпшілік Қазақстан Республикасының Гимнін тік тұрып орындап, мемлекеттік рәмізге құрмет көрсетті.
Одан соң кезекпен сөз алған облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев  және басқа да лауазымды тұлғалар тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтап, жылы лебіз білдірді.
Кәсібіне адал мамандарға Ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген «полиция подполковнигі», «полиция майоры» шені тапсырылып, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына – 30 жыл» медальдері, «Ішкі істер органдарының үздігі» ІІ дәрежелі төсбелгісі берілді.
Полиция күніне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен түйінделді.

М. ӘСЕТҰЛЫ