ЕҢ БИІК САРҚЫРАМА

Уақыты: 28.06.2022
Оқылды: 1790
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жетісудың ең көрікті жерлерінің бірі Бұрқан бұлақ сарқырамасында пресс-тур өткізілді.

Қора өзенінің аңғарында орналасқан Орталық Азиядағы ең биік сарқыраманың жалпы биіктігі – 168 метр, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан. Туристер тек өзге өңірлерден ғана емес, шетелдерден де келеді. Алайда, карасаң көз тоятын жерге жету – қиынның-қиыны. Жол талғамайтын автокөлікпен бармаса, жеңіл көлікпен жету мүмкін емес. Талдықорған қаласынан шыққандар үшін кемінде 6 сағат уақыт кетеді. Дей тұрғанмен, тамаша табиғат, саф ауа, тау басындағы қар, баурайында жайылған малдың  көрінісі шаршағаныңызды лезде ұмыттырып жібереді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері екі күндік сапар барысында этно-журналистиканың ерекшелігі және Жаңа Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы тұрғысында ой бөлісіп, Қазақстан халқының береке-бірлігі, ынтымағы жайлы пікір алмасты. 
Сапар барысында «Қоғамдық     келісім» КММ директоры Серік Бимұханбетов бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, Алғыс хат табыстады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"