Сапаға  мән  берілуде

Уақыты: 15.07.2022
Оқылды: 1148
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Үстіміздегі  жылы  Жаркент  өңіріндегі  жолдарды  жөндеуге бюджеттен бөлінген қаржының  тиімді игеріліп, жасалған  жұмыстың сапасы талапқа  сай  болуын аудан  әкімі жіті қадағалап  отыр.

Соңғы  екі  айда  Алтыүй, Жерұйық  ауылдарының  кірме  жолдары мен Жаркент  қаласындағы  Қонаев көшесінің ұзындығы 3,1 шақырым бөлігіне  орташа  жөндеу жұмысы  жасалды.  Қоңырөлең  ауылдық  округіне  қарасты  тау қуысына  орналасқан  Сарытөбе  ауылының  кірме  жолына  шағыл  төселіп, талапқа  сай  асфальтталды. Сол  сияқты,  бұрын  асфальт  жол  болмаған  осы  округке  қарасты  Бөрібай би  ауылының 5,7 шақырымдық  кірме  жолына сараптама  қорытындысы  алынып, ашық  конкурс жүргізілуде.  Жаркент қаласының ұзындығы 1,47 шақырым №13 көшесін орташа жөндеуге құрылыс жұмысы басталды. Головацкий ауылының ұзындығы 0,74 шақырым Бейбітшілік көшесін орташа жөндеу жұмысы 60 пайызға атқарылды. Осы  ауылдағы ұзындығы 0,5 шақырым Тен Ин Гер көшесіне орташа жөндеу жұмысы жасалуда.

Үшарал  ауылында  Шойнақ батыр, Көктал  кентінде  Зауыт, Алтыүй  ауылында  Байысбеков, Алмалы  ауылында  Солтанай  батыр, Шежінде  Сүлейменов көшелеріне  де  орташа  жөндеу  жұмысы  қарқын алған.

Мырзағали  НҰРСЕЙІТ,
Панфилов  ауданы
Жетісу облысы