САРЫЖАЗ АУЫЛЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПКЕ АЛТЫНБЕКТІҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Уақыты: 13.09.2022
Оқылды: 3099
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХVI сессиясы өтті. Күн тәртібінде Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы мәселелер қаралды.

«Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы» қаулы жобасы дайындалды.

Осыған орай «Сарыжаз орта мектебі және Ақбейіт бастауыш мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесін «Алматы облыстық білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақбейіт бастауыш мектебі бар Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп» коммуналдық-мем­лекеттік мекемесі деп қайта атау туралы ұсыныс түсті.

Сессияда қаралған бұл мәселе Алматы облыстық мәслихаты депутаттарымен бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

Айгүл БАЙЖҰМАҚЫЗЫ

Алматы облысы