"TEN QOGAM" АРНАЙЫ ТАУАРЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІН ӨТКІЗДІ

Уақыты: 14.09.2022
Оқылды: 1258
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Талдықорғандағы «Ten qogam» қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы тауарлар жәрмеңкесі ұйымдастырды. Жәрмеңкеде техникалық оңалту құралдары, оның ішінде арба, протезді-ортопедиялық құрылғылар, жөргектер және өзгеде тауарды сатып алуға немесе әлеуметтік портал арқылы тасырыс беруге мүмкіндік алды. 


Жәрмеңкеге арнайы келген Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат тауарларды көріп, сапасына мән беріп, келгендермен әңгімелесті. Ал «Ерлік» ҚБ төрайымы Роза Ақжаркенова шараға қатысып, әлеуметтік порталдағы өнім беруші «Medicare international» ЖШС протезді ортопедия орталығы, «Республикалық протезді ортопедиялық орталық» АҚ, «Dosortopedia» ортопедиялық тауар дүкені, «Көктем» ЖШСі өкілдеріне өз алғысын білдірді.

Жәрмеңкеге қатысқан мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекет тарапынан арба және басқа да протезді-ортопедиялық құрылғыларды сатып алу үшін кепілдірілген сомма көлемін ұлғайтуды сұрап отыр. Себебі сапалы арбалардың бағасы жоғары, ал мемлекет бекіткен кепілдік сомма аз. Одан кейін әлеуметтік порталдағы өнім берушілердің тауарлар сапасына назар аудару мақсатында рейтингтік жүйе орнату туралы ұсыныстарын жеткізді. Осы және өзге де көтерілген өзекті мәселелерді басқарма басшысы өз назарына алып, жауапты органдарға жеткізетінін атап өтті.

 

Қали АСҚАР