АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕКІ БІРДЕЙ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 03.10.2022
Оқылды: 1956
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бибігүл Төкенқызы Ұзақова қаржы басқармасының, Сапар Сейілханұлы Нұрашев құрылыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Бибігүл Төкенқызы 1975 жылы туған, білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маман-бухгалтері, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Eco Almaty» ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қазан айынан «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бас-эксперт аудиторы лауазымында.

***

Сапар Сейілханұлы 1975 жылы туған, білімі жоғары. 2001 жылы Алматы технологиялық университетін «Тамақ өнеркәсіп саласының экономикасы мен менеджменті» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2017 жылы Алматы технологиялық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Темір агроөнеркәсіп фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары болып бастаған.

Әр жылдары «БН Азия Альянс», «Асыл құрылысы» ЖШС-ларының директоры, Алмалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, басшысы, Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың сәуірінен Алмалы ауданы әкімінің орынбасары лауазымында. Үйленген, 4 баласы бар.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"