АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Уақыты: 29.12.2022
Оқылды: 3049
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Beeline Қазақстанмен «Қазақстан халқына» қоры ауыл мектептерін қалай дамытып жатыр? Осы сұрақ төңірегіндегі жаңалықтар Жетісу облысы, Жансүгіров ауылындағы Есмұрат Сиқымов атындағы орта мектебінде өткен республикалық «Ауылдағы мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында айтылды.

«Қазақстан халқына» қоры мен «Білім беруді тұрақты дамыту» қорының бірлескен жобасы еліміздің барлық өңіріндегі 17 мектепті дамытуды жоспарлаған. Е.Сиқымов атындағы орта мектепті қоса алғанда жобаның 8 мектебін Beeline Қазақстан өз есебінен НЗМ стандарттарына жеткізуді көздеп отыр.

Әр мектепті жабдықтауға компания тарапынан 250 миллион теңге бөлінген. Осы қаржы есебімен ауыл мектептері заманауи оқу кабинеттері, STEM зертханалары, бейнеқабырға, көркемсурет студиясы, қолөнер сабақтарына арнайы жабдықталған шеберханамен жаңарды. Сондай-ақ, шахмат ойнауға, сурет салуға және конструкторларды жинауға арналған ойын алаңдарын орнатты.  

– Е.Сиқымов атындағы орта мектеп – біздің тізімдегі алтыншы оқу орны. Beeline қаражатына «Қазақстан халқына» қоры арқылы елдің әр өңіріндегі 8 мектеп жабдықтармен жасақталады және заманауи сыныптармен жаңарады. 2020 жылдан бастап, серіктестермен бірге «250+» жобасын іске асырудамыз. Жоба аясында Beeline мобильді интернеті мен байланысы 1500-ден астам ауылда қосылды. Енді осы ауылдардың тұрғындары қала тұрғындарымен бірдей қолжетімді интернетті қолданумүмкіндігіне ие болады. Тірек мектептерін дамыту жобасы – ауыл балаларының сапалы білім алып, бәсекелес қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, мүмкіндіктерді тең дәрежеде пайдалануға ықпал етеді. Сондықтан, Beeline Қазақстан осы бастаманы қуана қолдайды, – деп баяндайды Beeline Қазақстан бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Интернет байланысының жақсаруы ауылдың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігі анық. Осы тұрғыдан жоғарыда аталған Beeline Қазақстан компаниясы мен «Қазақстан халқына» қорына алғысымызды айтамыз.

 

Қажет АНДАС,
Жетісу облысы