ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛАКӨЛ АУДАНЫНА БАРЫП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Уақыты: 03.02.2023
Оқылды: 1602
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Құрметті Алакөл ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2023 жылғы 16 ақпанда сағат 14.00-де Алакөл аудандық әкімдігінің ғимаратында (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 74) азаматтар үшін жеке қабылдау өткізеді және сағат 15.00-де Зейнеп Қойшыбаева атындағы аудандық Мәдениет үйінде (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 76) Алакөл ауданының тұрғындарымен кездеседі.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің: https://www.instagram.com/jetisu_akimat/ сілтемесі бойынша және Алакөл ауданының https://instagram.com/alakol_akimdigi?igshid=ZmZhODViOGI= сілтемесі бойынша «Инстаграм» парақшаларында жүргізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"