ҚАР БАРЫСЫ

Уақыты: 03.02.2023
Оқылды: 731
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Алтынемел» табиғи саябағының мамандары қар барысы мекендейтін аумақты картаға түсірді. Бұл үшін олар аңдарға GPS орнатылған қарғыбау таққан. Жобаны «Алтынемел» табиғи саябағының қызметкерлері мен зоология институтының ғалымдары іске асырды.

Қар барысына қарғыбау таққанның бірі – Нұрлан Молдахметов. 20 жылдық тәжірбиесі бар білікті маман ғалымдармен бірлесе ерекше жобаны жүзеге асырды. Жазыққа түскен аңды ұйықтатқан соң ол теңбілін санап, ат қойып, құжат бойынша жұмысын жүргізген.

– Қар барысының жасын анықтадық. Шамамен ол 3 жасар. Биіктігі мен аяқтары, құйрығы, тісінің жуандығына дейін есептеп, өлшедік. Содан оның оянатын уақыты болған кезде қайтадан доза салып, инемен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағының аумағына жібердік. 15 минуттан кейін тұрып, жан-жағына қарап, тауға қарай кетті, – дейді «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы жедел топ басшысы Нұрлан Молдахметов.

GPS қарғыбау 2 таутан және 1 аталық барысқа тағылды. Мамандар құрылғы көмегімен аңдардың күніне қанша шақырым жүретінін есептеген. Әрі миграциясы мен мекен ететін аумағын анықтап, картаға түсірген. Жоба жер бетінен жойылуға шақ қалған жыртқыш жайлы толқыққанды зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

«Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы ғылым бөлімінің басшысы Марғұлан Мұсабековтың айтуынша, үш қар барысы «Алтынемел» ұлттық саябағы аумағынан шықпаған. Қазіргі таңда қыстап жатқаны – Жүзасу шатқалы. Шылбыр, тізгін, нақты тауешкінің мекен ететін жерінде тұрақтап қалды. 1 күнде қар барысы 18-21 шақырым аралығында жортып кезеді.

Айгүл Байжұмақызы