СӨРЕДЕГІ ТАУАР БАҒАСЫ

Уақыты: 03.02.2023
Оқылды: 2741
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Әлеуметтік желілерде тауар бағасының сәйкес келмеуі туралы жарияланымдар пайда бола бастады.

Осыған байланысты Жетісу облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Талдықорған қаласының ірі сауда орталықтарында тауарлар бағасының сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында департамент мамандары сөрелердегі тауар бағасының, сатып алу кезіндегі түбіртектің, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті сомасының сәйкестігін анықтады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабы, 12-тармағына сәйкес сатушы (дайындаушы) сауда нысанының ішкі және сыртқы витриналарында қойылған баға белгісімен ресімделген тауар құнын теңгемен көрсетуге, сондай-ақ тауарды сақтау шарттарын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен бірге сатушы (дайындаушы) тауарды сауда нысанының ішкі және (немесе) сыртқы сөрелерінде қойылған баға жапсырмасымен ресімделіп көрсетілген құнға сәйкес сатуға міндетті, ал тұтынушы тауарды сатып алуға құқылы.

Айырбастауға немесе қайтаруға қатысты осы Заңның 1-тармағының 30-бабында сатушы (дайындаушы), егер ол пайдаланылмаған болса, тиісті сападағы азық-түлік емес тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Егер тауарды сатып алу дерегін растайтын құжат жоғалған немесе қандай да бір себеппен тұтынушыға берілмеген жағдайда, егер тұтынушы осы сатушыдан (дайындаушыдан) сатып алу дерегін дәлелдесе, тауарды айырбастау немесе қайтарылуы тиіс.

Айгүл Байбосынова