МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЖУРНАЛИСТЕРГЕ 3-5 КҮНДЕ ЖАУАП БЕРЕДІ

Уақыты: 03.03.2023
Оқылды: 1856
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекеттік қызметкерлердің журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады», – деді Дархан Қыдырәлі.

Министрдің айтуынша, бұл қадамның нәтижесінде ақпараттық ашықтық пен ақпараттық бәсекелестік мәселесінде оң өзгеріс болады.

«Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілетін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету», – деді ол.

 

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ