60 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Уақыты: 18.03.2023
Оқылды: 718
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданында Наурыз мейрамы қарсаңында 60 отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Көппәтерлі жалгерлік үй кезекте тұрған жетім балаларға, көпбалалы және толық емес отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға, сондай-ақ апаттық үйде тұратын отбасы мен басқа да санаттағыларға берілді. Жалпы, ауданда кезектегілер үшін тағы 60 пәтерлі үй салынып жатыр, оның құрылысы биыл жазда аяқталуы тиіс.

Қарабұлақ ауылындағы бұл жаңа үйде 30 үш бөлмелі, 15 бір және екі бөлмелі пәтер бар. Құрылыс жұмысын «Компания Строй Индустрия» ЖШС 2021 жылдың наурыз айында бастаған. Толық дайын болған баспана қарабұлақтықтарды қуанышқа кенелтті.
Тұрғындарды құттықтаған аудан әкімі Елдос Ахметов Наурызды өз шаңырағында қарсы алудың мәні зор екенін атап өтіп, 60 отбасыға жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. Жергілікті тұрғын, еңбек ардагері Роза Баймұханбетова да жаңа қоныстанушыларға ізгі тілегін білдірді.
Қазіргі таңда Ескелді ауданында мемлекеттік тұрғын үй кезегінде 1000-нан астам адам тіркелген, соның 60-ы салынып жатқан тағы бір көппәтерлі тұрғын үйге тамыз айында кіреді деп жоспарланып отыр. 
Жалпы, Жетісу облысында биыл 2100-ден астам әлеуметтік әлжуаз отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделген. Барлығы 322 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуі тиіс. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі