САЙЛАУҒА ОРАЙ САРҚАН АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЛАҢЫНДА СПОРТТЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ.

Уақыты: 19.03.2023
Оқылды: 788
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгінгі сайлау күні қарсаңында Сарқан ауданының орталық алаңында спорттық шаралар өтті.

Шарада жерлесіміз сарқандық Қымбат Қадырбаева  қолкүрес сайысынан сынға түсіп,  жүлделі 2 орынға ие болды. 

- Сайлауға келіп, дауыс беру әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Сондықтан өз таңдауымызды жасауға белсенді болайық. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын",- деді ол. 

Саяси науқан аясындағы шарада жүлдегер атанған жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

Сарқан ауданы,

Жақсылық ИГМАНОВ