Оқи отырыңыз
Жаңадан құрылған үш облыстың бірі – біздің Жетісу облысы да байыппен көшін түзеп барады.
Жері бай, елі берекелі мемлекеттің таңдаған жолы – жер қойнауы байлығынан түсетін жалпы түсімнен ел болашағы балалардың есепшотына қаржы құйылатынын ел-жұрт жылы қабылдады.
Осындай бастамалар еліміздің саяси жүйесіне емес, барлық салаға оң өзгеріс әкеледі деген сенім кәміл.
Ал жақсылықтарды сүйіншілеп, жұртшылыққа жағымды жаңалық жеткізу – біздің міндет. Бүгінгі саяси науқанда барша жерлестерімді белсенді болуға шақырамын
Торғын Тұрлыбаева,
«Текелі тынысы» газетінің бас редакторы