Абайлаңыз. Елімізде алаяқтар үш айда 500 адамның атынан кредит алған

Уақыты: 05.06.2023
Оқылды: 772
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Үкімет басшысы жауабында онлайн қызмет көрсетудің алаяқтарға "жол" ашып отырғанын жеткізді. 

«Цифрландырудың және қашықтан қызмет көрсетудің дамуымен қатар кредит беру нарығында алдау арқылы азаматтарға жалған займ рәсімдейтін алаяқтар бесенді бола түсті. 2022 жылы ішкі істер органдары банктер мен микроқаржы ұйымдарда займ рәсімдеумен байланысты 3 мың алаяқтық фактісін тіркеді. Осы жылдың 3 айында займ бойынша алаяқтықтың шамамен 500 фактісі тіркеліп отыр», - дейді Әлихан Смайылов.

Осы ретте ол  Ішкі істер министрлігінің қарапайым халыққа алаяқтыққа қатысты статистикалық мәліметтерді үнемі жеткізіп отыруы маңызды екенін атап өтті. 

Фото: көрнекілікке алынды