ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КІРІС АРТТЫ

Уақыты: 24.06.2024
Оқылды: 300
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақмерзімді инвестициялар. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жылда талдаған жөн. Мәселен, жинақтаушы зейнетақы жүйесі 1998 жылдан бастап 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 842,74%-ды көрсетті. Бұл кезеңдегі инфляция – 780,79%. Осылайша, ұзақ мерзім ішінде жинақталған инвестициялық кіріс инфляциядан асып түсті.  


Естеріңізге сала кетейік, Қазақ- станда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік бар. Төлемдер құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңде кірістіліктің төмендеуі кезінде де айырмашылықты өтеуге мемлекет кепілдік береді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының  enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.  

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланады.

Көптеген маңызды және пайдалы ақпаратты, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі сарапшыларының зейнетақы активтерін инвестициялау туралы сұхбаттарын  БЖЗҚ, ЕНПФ YouTube-арнасынан көруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы