МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР КӨБІНДЕ ҚАЙ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙДЫ?

Уақыты: 10.07.2024
Оқылды: 492
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ұлттық тестілеу орталығы болашақ магистранттар таңдаған мамандық жайында мәлімет ұсынды. 


Бүгінде кешенді тестілеуге қатысуға келіп түскен өтініш саны — 41 815.

Ең көп таңдалған білім салалары:

  • Педагогикалық ғылымдар;
  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
  • Бизнес, басқару және құқық.

Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш беру 8 шілдеде аяқталған болатын. 

Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

13 шілде күні кешенді тестілеудің күні, орны, уақыты туралы ақпарат талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.