Оқи отырыңыз
Талдықорған қаласы бойынша жалпы ұзындығы 382 шақырым болатын арық желілері бар. Бүгінде олардың басым бөлігінде қалпына келтіру, жаңа арық латоктарын салу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Осылайша қаланың ішкі арық жүйелері 25%-дан 70%-ға дейін қайта жаңғыртылады.
Күн сайын коммуналдық қызмет жұмысшылары шамамен 2-3 шақырымға жуық арық желілері қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізеді.
Естеріңізге салсақ, көктем айы басталысымен қала аумағындағы көпір өткелдері мен каналдар құм-қайырдан тазартылған еді.