Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 09:00-де Алакөл ауданы әкімдігі ғимаратының (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 74) 1-қабатында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазыла аласыздар.
Сондай-ақ сағат 10:00-де өңір басшысы Алакөл ауданының З.Қойшыбаева атындағы мәдениет үйі ғимаратының (мекенжайы: Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, 76) 2-қабатында аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.