ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!
Сіздерді 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10:00-де өткізілетін бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз.
Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Өткізу нысаны: Бірыңғай есеп беру күні кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылушылықтары профилактикасын жүзеге асыру нәтижелерін талқылау бойынша кездесу нысанында өткізіледі.
Өткізу орны: Талдықоған қаласы, 8 ықшам ауданы, Астана даңғылы, 2 А Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының ғимараты.
Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы