ЕЛІМІЗДЕ ЛОТОРЕЯ ӨТКІЗУДІҢ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ. БИЛЕТТЕР САРАПТАМАДАН ӨТЕДІ

Уақыты: 01.10.2024
Оқылды: 245
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың 23 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес лоторея өткізі ережелері өзгерді. Енді лотореяны тек лоторея операторлары өткізеді. 


Қаулыда көрсетілгендей, лотореяны өткізу шарттары және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құзыретті органдарда лоторея операторымен келісіледі. 

Лотореяны тек лоторея операторлары өткізеді. 

Мезеттік лотереяны өткізу кезінде қатысушы оператор белгілеген бағаларға сәйкес лотерея ойынын өзі таңдайды. Лотереяға қатысушы бастапқыда ұтыстарды бірден анықтауға мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы (жазбалар, сандар, белгілер, сызбалар) бар лотерея билеті мен электрондық лотерея билетін таңдап алады. 

Тиражды лотореяны төменде көрсетілген әдіс бойынша өткізуге болады:

  • Лотереяға қатысушыларды оператордың интернет-ресурсы, лотереяның мобильді қосымшасы және заңнамада тыйым салынбаған өзге де тәсілдер арқылы лотереяға қатысу ережелері мен шарттары туралы хабардар ету;
  • Лотерея ақпаратын өңдеу орталығында әрбір лотерея ұтысына қатысатын лотерея комбинациялары туралы ақпаратты жинау;
  • Лотереяға қатысушыны лотерея комбинациясын тіркеу туралы хабардар ету;
  • Лотереяға қатысушының лотерея комбинациясын дербес таңдау.

Ұтыс лотереясының комбинациясы кездейсоқ сандарды генерациялау және арнайы лоторея жабдығы арқылы анықталады.

Ал электронды лоторея келесідей тәртіппен өткізіледі: 

  • Лотереяға қатысушы электронды лотереяға қатысу үшін лотерея операторының интернет-ресурсына немесе лотереяның мобильді қосымшасына тіркеледі;
  • Тіркелгеннен кейін лотереяға қатысушы ұялы телефонына “лотерея әмиянына” қол жеткізу үшін құпия коды немесе лотереяның мобильді қосымшасында тиісті мәтіндік хабарламасы бар SMS-хабарлама алады;
  • Электронды лотерея ұтысы оператордың лотерея ақпаратын өңдеу орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Ұтысты лотерея билеттері мен электронды билеттер сараптамадан өтеді. Ұтысты болып, ұтыс сомасы 6 АЕК-тен (2024 жылы 22 152 теңге) және 190 АЕК-тен (2024 жылы 701 480 теңге) асса сараптаманы лоторея операторы жүргізеді. 

Ұтыс билетін ұтыс ойыны аяқталған күннен бастап алты ай ішінде қатысушы операторға сараптамаға ұсынуы тиіс. Жеңімпаз лотерея операторына немесе лотерея билеттерінің дистрибьюторына (агентіне) мына құжаттарды ұсынады:

  • Жеке бас куәлігі;
  • Ұтысты болған билет.

“Ұтыстарды төлеу теңгемен қолма-қол немесе банктік аударым арқылы жүзеге асырылады. Ұтыстарды төлеу тиісті ұтыс ойынынан кейін отыз күннен кешіктірілмей басталады және осы ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған күннен бастап кемінде алты ай бойы жалғасады. Осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ұтыстарға шағымдар лотерея шарттарында белгіленген тәртіппен қабылданады”, – делінген хабарламада.