ҚР ҰҚК шегара қызметі Жетісу облыстық департаменті тәрбие басқармасының консультанты, подполковник Әсел Қасымова «Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері» медалімен марапатталды.
Аталған марапат әскери қызметте ширек ғасыр әскери өтілі бар шегара сақшыларына ғана берілетін медаль. Отан алдындағы әскери қызметке бар саналы ғұмырын арнаған Әсел Сансызбайқызының марапатына барлық әскери ұжым қуанды.
Әскери өмірін 1999 жылы ҚР ҰҚК Әскери институтының курсантынан бастаған қаршадай қыз бүгінде кадр қызметінің білікті маманы. Жас буынға ақыл-кеңесін айтып жүрген тәжірибелі офицер. Шегара қызметін «Астана» (әуежай) шекаралық бақылау бөлімінің шегаралық бақылау ауысымын ұйымдастыру жөніндегі қызмет офицерінен бастаған. Содан кейін ҚР ҰҚК шегара қызметі орталық аппаратында, Шонжы шегара отрядында, ҚР ҰҚК шегара қызметі Алматы облыстық департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен орындап жүрген подполковник отбасында қамқор ана, жұмыста қаруластарының мақтанышы!
Айдар ҚАЛИЕВ