Қазақстанда ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйесі іске қосылмақ.

Уақыты: 08.10.2024
Оқылды: 182
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қашықтан биометриялық сәйкестендірудің орталықтандырылған ұлттық жүйесі құрылатынын мәлімдеді.

Премьер-министрдің айтуынша, ол барлық салаларда, соның ішінде азаматтар мемлекеттік қызметтер мен банк қызметтерін пайдаланған кезде қолданылатын болады. Ұлттық жүйе бірыңғай биометриялық деректер базасын құру және оның өзектілігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажет. 

 

"Ұлттық жүйені іске қосу осы жылдың соңына дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы мен BTS Digital компаниясы арасында бірлескен кәсіпорын құру арқылы жоспарлануда", – деді Бектенов.

Бектеновтің айтуынша, қазақстандықтар қалаған жағдайда қызметтерді алу процесінде сәйкестендірудің басқа әдістерін де қолдана алады, мысалы SMS арқылы бір реттік пароль алу, электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе электрондық поштаға байланыстырылған логин/парольді пайдалана алады. Оның айтуынша, бұл әдістер нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жеке немесе біріктіріліп қолданылуы мүмкін.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Қазақстандағы банктер мен микроқаржы ұйымдары электронды түрде несие рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүргізуге міндеттелген еді7

 

Дереккөз: Stan.kz

Фото: d-russia.ru