ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ "БӘЙТЕРЕК" ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Уақыты: 01.11.2024
Оқылды: 442
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков жұмыс сапарымен «Прогресс» Зымыран-ғарыш орталығына (Роскосмос мемлекеттік корпорациясының құрамына кіреді) барды.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков пен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Юрий Борисов бірлескен «Бәйтерек» жобасы аясында «Союз-5» зымыран тасығыштары шығарылатын өндірістік алаңдарды аралады. «Прогресс» ЗҒО бас директоры Дмитрий Баранов болашағы зор зымыран-ғарыш техникасын өндіру бойынша ағымдағы жұмыстар жайлы баяндап берді.

Сапар барысында тараптар қазақстандық серіктестер мен Роскосмос кәсіпорындарының басшылары қатысқан кеңесте бірлескен жобаны іске асыру барысын талқылады.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі