Азаматтық қоғамды дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Адал азамат – белсенді қоғам» тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында Жетісу облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Дания Қыдырбаева уәкілетті лауазымды тұлғалардың азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттесуі, мектепте қауіпсіз білім ортасын құру және қолдау бағыттары бойынша қатысушылармен ашық әңгіме жүргізді.
Қаратал ауданында 21 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен жұмыстар жүргізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік маңызды жобаларды орындауы үшін биыл бюджеттен 4 млн. теңге бөлініп, 3 лот қарастырылған. Атап айтсақ, экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл әрекеттері және алдын алуға бағытталған шараға, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, репродуктивті денсаулықты нығайтуға, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар.
Аталған лоттардың жеңімпазы «Ұмтылыс» қоғамдық бірлестігі. Бұл бағыттар бойынша жұмыстар өз ретімен атқарылуда. Тәлім мен тәрбиеге негізделген шаралар өз жемісін бермек.
Қаратал ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі