Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды

Уақыты: 29.11.2024
Оқылды: 251
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды.

Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Атап айтсақ, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағыты бойынша «QOLDAU» әлеуметтік бейімдеу орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бейімдеу орталығы ашылып, облыс көлемінде пробация есебінде тұрған барлығы 120 адамға заңгерлік және психологиялық кеңес беріліп, 50 пробация есебінде тұрған азаматтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқыту курсынан өтіп, сертификат иеленді.

Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Облыс аумағында тәжірибелі мамандарды шақыра отырып лудоманияның алдын алу бойынша 10 тренинг өткізілді.

«Жетісу Әкелер мектебі» жобасы әке тәрбиесінің рөлін арттыруға бағытталған. Бастама аясында өңірдің 50 мектебінде әкелер кеңесі құрылып, 80 қатысушыны біріктірген облыстық форум өткізілді.

«ZERDELEU» бастамасының мақсаты – мемлекеттік қоғамдық бақылауда сауаттылықты арттыру. Жоба аясында шағын гранттар байқауы ұйымдастырылды, 10 жеңімпаз 300 000 теңгеден иеленіп, шағын грант аясында іс-шаралар өткізді.

«Жетісу-Ақпарат»