Тұрмысқа үй жиһаздары өте қажет. Онсыз үйдің көркі, істің берекесі болмайды. Сондықтан мұндай бұйымдарды адамдар бұрыннан керек еткен.
Үй жиһаздары алғаш рет Батыста, кейіннен Еуропада пайда болған. Қазір шкафтың небір түрі бар. Ол ең көп таралған өнімнің бірі әрі оған қолжетімді.
Жеке кәсіпкер Николай Спиридонов 15 жылдан аса уақыт корпустық жиһаз өндірумен айналысады. Ол бастапқыда тәжірибесінің аздығына қарамастан өз кәсібін ашуды ойлап, мақсатын ойдағыдай іске асырды.
Николай Викторовичтің айтуынша, жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын үй маңындағы гаражды жиһаз жасайтын орынға айналдырып, ішін жабдықтаған. Дайын бұйымдарды кез келген жерде пайдалануға болады. Мәселен, қаладағы пәтерге, саяжайға, кеңсеге немесе базарда. Яғни, олардың өнімдері кең ауқымды.
Жабдықтар мен жиһаз сапасын жақсарту мақсатында кәсіпкер «First Heartland Jusan Bank» АҚ-дан несие алған. Онда бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде пайыздық мөлшерлеме 8 пайызға төмендетіліп, «Даму» қорының кепілдігі берілген.
А. Ыбырай
Талдықорған қаласы